Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көкшетауда дәрігер куәгер ретінде тергеуге барып келген соң өзіне қол жұмсады

Көкшетауда дәрігер куәгер ретінде тергеуге барып келген соң өзіне қол жұмсады
Сурет: instagram/nayza_kokshe
Ақмола облысы Есіл қаласында аудандық аурухананың терапевті, 38 жастағы Екатерина Шлегель қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ nayza_kokshe парақшасына сілтеме жасап.

Дәрігер қайғылы оқиғадан бір күн бұрын Алматыдағы демалысынан оралған. Қайтыс болар алдында әйел Көкшетаудағы Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жауап алуға шақырылған. Ол қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде өтіп жатқан.

"Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде не болды? Дәрігердің телефоны алынған. Әйел үйіне көңіл күйі түсіп оралған. Анасының үй телефонынан әпкесіне қоңырау шалған. Кейін өз үйіне кеткен. Ал таңертең жұмысқа шықпаған. Кешке оны әпкесі тауып алған. Мәйітінің жанында анасына арналған қоштасу хаты жатқан. Онда "Сағынамын" деп жазылған", – делінген жарияланымда.

Ақмола облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Есіл ауданының 38 жастағы тұрғыны өзіне қол жұмсаған. Қазір соталды тергеу жалғасып жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар