Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тоқаевтың шақыруымен Бельгияның Королі мен патшайымы Қазақстанға келеді

Тоқаевтың шақыруымен Бельгияның Королі мен патшайымы Қазақстанға келеді
Сурет: ru-royalty
Қазақстанға 11-14 қазан күндері Тоқаевтың шақыруымен Бельгияның Королі Филипп және Патшайым Матильда келеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақорданың мәліметінше, жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланады. 

“Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король Филипп және Патшайым Матильда "Қазақстан-Бельгия" іскерлік кеңесінің 4-отырысына және екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына, сондай-ақ басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр”, – делінген хабарламада.

Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, бірқатар құжатқа қол қойылады. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар