Қазақстан Конституциялық Сотының Төрағасы Венеция комиссиясының пленарлық отырысына қатысты
- автор kyn.kz
- Бүгін, 20:42
- 1
Іс-шараға Комиссияға мүше 47 мемлекеттің, сондай-ақ Еуропа Кеңесі мен Еуропалық Одақ институттарының өкілдері қатысты. Қазақстан атынан Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы Эльвира Азимова қатысты.
Отырыс барысында Грузия, Грекия, Мальта, Молдова, Черногория, Польша, Сербия және Украинаның заңнамалық және институционалдық мәселелеріне қатысты қорытындылар қаралды. Негізгі назар конституциялық өзгерістерге, мемлекеттік институттардың ұйымдастырылуы мен қызметіне, сот жүйесінің тәуелсіздігіне, парламенттік әдеп пен сайлау құқықтарына аударылды.
Сонымен қатар азаматтардың шетелде дауыс беруі және үкімет мүшелерінің қылмыстық жауаптылығы мәселелері бойынша салыстырмалы-құқықтық баяндамалар ұсынылды.
Қазақстанның Венеция комиссиясының жұмысына қатысуы конституциялық құқық пен конституциялық сот төрелігін дамытудағы халықаралық тәсілдермен танысуға, сондай-ақ құқық үстемдігін қамтамасыз ету және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.



