Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Президент Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды

Президент Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды тапсырды
ашық дереккөз
Мәнерлеп сырғанаушы 19 шілде күні қайтыс болды.
Нұрсұлтан Назарбаев тиісті органдарға мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ, тергеу жұмыстарын объективті жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Қ.Қожамжаровқа және Ішкі істер министрі Қ.Қасымовқа Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің өліміне байланысты істі ерекше бақылауға алуды, сондай-ақ тергеу шараларының егжей-тегжейлі әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Президент Әкімшілігінің басшылығына тергеу барысын тұрақты бақылауда ұстау тапсырылды», - делінген хабарламада. Естеріңізге сала кетсек, 19 шілде күні Алматы екі азамат Денис Тенді пышақпен жарақаттаған болатын. Қайғылы оқиға Құрманғазы мен Бәйсейітова көшелерінің қиылысында болған. Спортшы жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерде көз жұмды. Күдіктілердің біреуі ұсталып, кінәсін толықтай мойындады. Екіншісі әзірге іздестіріліп жатыр. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар