Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі басталды

Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі басталды
Атырауда көрнекті жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаевтың 70 жылдығына орай халықаралық ғылыми конференция мен ІІІ халықаралық театр фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

Күннің бірінші жартысында Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде «Рахымжан Отарбаев мұрасы: ұлттық әдебиет, тарихи сана және рухани сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Жиынға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Германия және еліміздің өзге өңірлерінен келген ғалымдар, әдебиеттанушылар мен қаламгерлер қатысып, жазушының шығармашылық мұрасын, ұлттық әдебиетке қосқан үлесін және туындыларының көркемдік ерекшеліктерін талқылады.

Түстен кейін Рахымжан Отарбаевтың ІІІ халықаралық театр фестивалінің ресми ашылу салтанаты өтті. Фестивальге Қарақалпақстан, Қырғызстан және еліміздің әр өңірінен 11 театр ұжымы қатысуда. Бес күнге созылатын өнер мерекесі аясында драматург шығармаларының негізінде сахналанған қойылымдар көрерменге жол тартады.

Аталған шаралар жазушының бай әдеби мұрасын кеңінен насихаттауға, ұлттық театр өнерінің дамуына серпін беруге және халықаралық мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар