Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының өтетін күні белгілі болды

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауының өтетін күні белгілі болды
Сурет: depositphotos.com
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға өтеді, деп хабарлайды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді.

Алдағы сайлауда қазақстандықтар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың жаңа депутаттарын сайлайды.

"Қазақстан Республикасындағы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындау туралы қаулы жобасы ұсынылып отыр", – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман.

Заң бойынша, мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылса, кезектен тыс сайлау екі айдан кешіктірілмей тағайындалуы керек.

"Алдағы сайлау аясында 228 мәслихатқа 3 447 депутат сайлау жоспарланған. Атап айтқанда, 20 облыстық мәслихатқа - 668 мандат, 38 қалалық мәслихатқа - 626 мандат және 170 аудандық мәслихатқа 2 153 мандат", - деді Ерман.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар