Қоғам
Қазақстанда ең төменгі жалақы 2027 жылы көтерілуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:23
- 40
Ең төменгі жалақы қашан көтерілуі мүмкін екені айтылды.
Премьер-министрдің орынбасары ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин ең төменгі жалақы (ЕТЖ) келесі жылы көтерілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жұманғариннің айтуынша, ең төменгіге қатысты нәтиже жақын арада жарияланады.
Қазақстанда ең төменгі жалақы 2024 жылы 70 мың теңгеден 85 мың көтерілген болатын. 2025 жылы депутаттар ЕТЖ-ны 110 мың теңгеге дейін арттыруды ұсынды. Серік Жұманғарин бұл өсімнің "ауылы алыс емес" екенін айтты, бірақ күте тұруға шақырды. Кейін Үкімет бұл мәселені 2027–2028 жылдары қарайтындарын хабарлады.



