Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап электрмобильдерді зарядтау қымбаттауы мүмкін

Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап электрмобильдерді зарядтау қымбаттауы мүмкін
Сурет: ev-car.by
1 желтоқсаннан бастап Қазақстандағы электр қуаттау станцияларының иелері үшін жабдықтарды метрологиялық бақылау бойынша жаңа талаптар енгізіледі. Бұл туралы депутат Олжас Нұралдинов мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Олжас Нұралдиновтың айтуынша, 1 желтоқсанда күшіне енетін жаңа талаптар қуаттау станцияларының операторлары үшін қосымша шығын әкеледі.

Енді мемлекет электромобиль алатын электр энергиясының көлемін ғана емес, сонымен қатар кернеуді, ток күшін және қуаттау уақытын да бақылайтын болады.

"Бизнестің қосымша шығындары сайып келгенде тарифке қосылуы мүмкін. (...) Кернеудің, ток күшінің және қуаттау уақытының дұрыстығы іс жүзінде қалай тексерілетіні әлі де түсініксіз. Соған қарамастан, талап қабылданып қойған және оның күшіне ену мерзімі белгіленген", – деді ол.

Депутаттың айтуынша, тексеру жүргізу тәртібі әлі толық айқындалмаса да, бизнес жаңа тексерістер үшін ақы төлеуге міндетті болып отыр.

Айтуынша, электр қуаттау бекеттерінде жағдай әлдеқайда күрделі. Әртүрлі электромобильдер әртүрлі қуатты қабылдауы мүмкін: бірі тезірек, екіншісі баяу қуатталады.

"Тіпті бір көліктің өзі аккумулятордың температурасына, оның қуат деңгейіне және батареяның күйіне байланысты әртүрлі уақытта әртүрлі қуат қабылдайды. Нәтижесінде операторға өзі толық бақылай алмайтын параметрлерді тексеру бойынша қосымша шығындар жүктеледі", – деді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар