Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ертеңнен бастап Астананың қоғамдық көліктерінде төлем жасау жаңа жүйе бойынша жүзеге асырылады

Ертеңнен бастап Астананың қоғамдық көліктерінде төлем жасау жаңа жүйе бойынша жүзеге асырылады
ашық дереккөз
Бекмырза Игенбердинов: Алаңдауға себеп жоқ. Көлік картасымен төлеу кезінде қалалық қоғамдық көлікте жүру құны бұрынғы қалпында қалады
Астана LRT басқарма қызметкерлерінің айтуынша, сараланған тариф жүйесіне көшуде алдымен көлік карталарының сатылымы артыпты. Мәселен, оның соңғы екі күнде 16500 данасы сатылған. Ал жыл басымен салыстырсақ, көлік картасын қолданушылар 10 есеге артқан екен. Яғни бүгінде 50 пайызға жетіп отыр. Алайда жаңа тариф жүйісін көбісі әлі түсінбеген көрінеді. Оны Астана LRT Басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов айтып отыр. «Біздің байланыс орталығымызға, ресми сайтымызға, әлеуметтік желілеріміз арқылы тарифтің өзгеруіне қатысты көп сұрақтар келіп жатыр. Алайда алаңдауға себеп жоқ. Көлік картасымен төлеу кезінде қалалық қоғамдық көлікте жүру құны бұрынғы қалпында қалады, яғни ересектер үшін 90 теңге, 7-15 жастағы жасөспірімдер үшін 40 теңге». Көлік картасын сатып алуға қала бойынша 6 мамандырылған касса, 30 RTVM-автоматтары мен  51 сауда орындары қызмет көрсетуде. Сондай-ақ көлік картасын қолжетімді толтыру үшін  жолаушылар  Qiwi- терминал, kaspi.kz интернет-банкинг, Астана LRT компаниясының www.transcard.kz сайты көмегіне жүгіне алады. Жаңа тариф күшіне енген соң, кондуктор деген қызмет түрі жойылады. Орнына электрондық төлеу жүйесінің жұмысы бойынша кеңесші мамандығы пайда болады. Сонымен қатар, басқарма төрағасы  жолаушылардың қоғамдық көлікке міну және түсу ережесінде бірқатар өзгерістер енгізілетінін айтады. «Осы ереже енгізілместен бұрын халықаралық тәжірибе зерттелді. Көптеген ірі мегаполистерде автобусқа тек алдыңғы есіктен кіреді және жолаушылар көлік картасымен кіре сала төлем жасауы тиіс», - деді ол. Өз кезегінде Көліктік бақылау департаменді Астана ІІД Жергілікті полиция қызметімен бірге, қала автобустарына тексеру жүргізеді. Мәселен,соңғы екі күндегі тексерістің нәтижесінде 34 жолаушыға, 163 540 теңге көлемінде айыппұл салынған.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар