Басты жаңалықтар
Денис Тенді өлтіргендер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- автор kyn.kz
- 20 шілде, 2018
- 331
Танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендер ҚК 99- бабы, 2-бөлігіне сәйкес өмір бойына абақтыға жабылуы мүмкін
Атышулы іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі - адам өлтіру бойынша жүріп жатыр. .
Бұл бапқа сәйкес, адам өлтірген қылмыскер 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ дүние-мүлкін тәркілеу де қарастырылған.
Еске сала кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Аталған оқиғаға сәйкес, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Бүгін белгілі болғандай, спортшының өліміне қатысы бар екі күдіктінің бірі ұсталып, ол қылмысын мойындап отыр. Екінші күдікті - 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергеновке іздеу жарияланды.
25 жасында өмірі үзілген спортшымен қоштасу рәсімі 21 шілде күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Басталуы - сағат 10:00-де. Сондай-ақ бір мезгілдегі қоштасу рәсімі 21 шілде күні Астанада қаласындағы "Барыс-Арена" стадионында өтеді.