"Қызым екенін бірден білдім": 17 жасында бірнеше жігіттен зорлық көрген әйел Америкада қызын тапты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:37
- 46
Натальяның айтуынша, ол оң нәтиже шығатынын білген. Бірақ қызы күдікпен қараған.
“Ол менің қызым екенін айттым ғой. 99,999999% нәтиже шықты Мен оны көргенде қызым екенін бірден білдім. Ол қобалжып тұрды. Оның қолында мен туралы барлық дерек, құжаттарым бар. Менің төлқұжатымды көрді. Ол барлығын өз көзімен көргісі келді. Құттықтап қойсаңыздар болады”, – дейді Наталья.
Алдағы күндері ол қызы мен Қытайда оқып жатқан ұлын таныстырмақ.
“Біздің жоспарымыз өзгеріп жатыр. Біз Америкада қалмаймыз, Нью-Йоркқа бармаймыз. Біз Тайландқа барамыз. Менің ұлым Қытайда оқиды. Ол Тайландқа ұшып келеді. Барлығымыз Пхукет аралында жиналамыз. Мен оларды таныстырғым келеді. Қызым Анжелика ұлыммен танысқысы келеді. 7-8 күндей бір отбасы болып Тайландта демаламыз. Қызым бірінші рет Азияға келгелі тұр. Жаңа жылда Қазақстанға келуі де мүмкін. Қазір анам болғанда қуанатын еді. Бұл қуанышты көрмей кеткені өкіншті. Сіздер мені қолдадыңыздар, көмектестіңіздер”, – дейді ол.
Наталья өзін осы уақытқа дейін қолдап келген қазақстандықтарға алғысын білдірді.
Желі қолданушылары да ол үшін қуанышты екендерін білдіріп, жылы лебіздерін жазды.



