Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

ҚазҰУ-да бірінші курс студенті қаза тапты: проректор мен декан жұмыстан босатылды

ҚазҰУ-да бірінші курс студенті қаза тапты: проректор мен декан жұмыстан босатылды
Сурет: hronika.kz
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) бірінші курс студентінің өлімінен кейін жоғары оқу орны басшылығы проректор мен факультет деканын қызметінен босатылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚазҰУ-де студенттің өлімінен кейін міндеттерін тиісінше орындамағаны, соның ішінде жатақханадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етпегені үшін басқарма мүшесі – әлеуметтік тұрақты даму жөніндегі проректор, сондай-ақ, География және табиғатты пайдалану факультетінің деканы қызметінен босатылды.

"Сондай-ақ, сол күні кезекшілікте болған қызметкерлер де жұмыстан шеттетілді, қазір олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр", – деп жазылған университеттің ресми мәлімдемесінде.

Жоғары оқу орны өкілдері барлық жатақханада кешкі бақылау күшейтіліп, қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілгенін айтты. Студенттерге кәсіби психологиялық көмек көрсетуге уәде берілді.

"Университет бұл оқиғаға қатысты деректі жасырмайды, тергеу жүргізіп жатқан құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр және іс ашық жүргізілуіне тікелей мүдделі", – деп мәлімдеді ҚазҰУ өкілдері.

Университет басшылығы қаза тапқан студенттің отбасына көңіл айтып, олармен тұрақты байланыста екенін және көмек көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар