Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өнеркәсіп вице-министрі Қазақстанда автонесиеге сұраныстың азаю себебін түсіндірді

Өнеркәсіп вице-министрі Қазақстанда автонесиеге сұраныстың азаю себебін түсіндірді
Сурет: kp.ru
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Үкіметте өткен брифингте  Қазақстанда автонесиеге сұраныстың төмендеуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Брифинг барысында өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Қазақстанда автонесиеге сұраныстың төмендеу себебіне қатысты айтты.

БАҚ өкілдерінің айтуынша, көлік бағасы төмендегендіктен, жүргізушілерге көлікті несие алмай-ақ бірден сатып алу тиімдірек.

"Таңдау және сатып алу құқығы – әр азаматтың жеке еркі. (…) Біздің, Өнеркәсіп министрлігінің, үкіметтің мүддесі – азаматтарға ыңғайлы болуы үшін мүмкін болатын құралдар жиынтығын ұсыну. Халықтың көлік құралын сатып алу бойынша таңдау құқығы болуы қажет. (…) Бірақ біз статистика соңынан қуып отырған жоқпыз", - деді өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар