Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Самұрық-Қазына“ Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиев қамауға алынды

“Самұрық-Қазына“ Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басшысы Елжас Отыншиев қамауға алынды
Сурет: centralmedia24.kz
«Самұрық-Қазына» төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиев тергеу изоляторына қамалған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) мәлімдеді.

"12 қарашада аталған тұлғалар жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына қамалды. 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр", - делінген ҰҚК жауабында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Еске салсақ, 12 қараша күні Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын ұстаған еді. Сол күні әлеуметтік желіде Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің терезесінен құлаған бір сөмке доллардың жерде шашылған видеосы тарады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар