Қазақстанда курс сататын блогерлерден білімін растайтын диплом талап етілуі мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:23
- 1
Ендігіде оқыту курстарының авторлары мен сатушылары өз біліктілігін дипломмен немесе сертификатпен растауға міндетті болады.
"Видеосервистер мен ірі блогерлерге арналған ережелер. Заң стриминг алаңдары үшін жұмыс стандарттарын нақты белгілеп көрсетеді. Сонымен қатар белгілі бір парақшалар мен арналардын ресми тізілімін енгізу ұсынылып отыр. Псевдосарапшылардан қорғау. Желідегі оқыту курстарының авторлары мен сатушылары өз біліктілігін дипломмен немесе сертификатпен растауға міндетті болады. Қолданушылар спикердің нақты білімі бар-жоғын дәл білуге тиіс", - деді депутат Александр Данилов.
Заң жобасында қандай да бір сала бойынша оқыту курстары бар контентті тарату кезінде мұндай контентке тиісті білімнің бар екендігі туралы хабарламаны диплом және (немесе) сертификат деректерін көрсете отырып қоса беру қажет екендігі көрсетілген.



