Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

16 жасқа толмаған балалардың парақшалары өшірілетін болды

16 жасқа толмаған балалардың парақшалары өшірілетін болды
Сурет: esoligorsk.by
Құрылтай депутаты Александр Данилов Онлайн-платформалар және масс-медиа туралы жаңа заң күшіне енгенге дейін ашылған 16 жасқа толмаған балалардың парақшалары өшірілетінін мәлім етті.

Бұл туралы ол журналистердің сұрағына жауап бергенде айтты, деп хабарлайды KYN.KZ  ақпарат агенттігі.

Заң жобасында 16 жасқа толмаған балаларға онлайн-платформаларда тіркелуге тыйым салу ұсынылған. Мессенджерлер үшін ерекше жағдай қарастырылған.

"Әрине, егер заңға сәйкес мұндай парақшалардың сақталуына рұқсат етілмесе, олар өшіріледі. Бұл – ең қатаң шара (...) Қазіргі уақытта жұмыс тобы аясында заң күшіне енгеннен кейін оның қалай қолданылатынына қатысты тетіктерді әзірлеп жатырмыз", – деді ол.

Егер жасөспірім аккаунты жойылғаннан кейін басқа жасты көрсетіп, жаңа профиль ашса, қандай шара қолданылатыны да әзірге белгісіз. Депутаттың сөзінше, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі телефон нөмірін немесе құрылғыны пайдаланушыға бекіту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар