Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Денис Тен ісі: Күдікті расымен Астана аумағынан шықпау туралы қолхат берген

Денис Тен ісі: Күдікті расымен Астана аумағынан шықпау туралы қолхат берген
ашық дереккөз
«Ішкі істер министрлігі мемлекеттік орган ретінде митингтерді тарату немесе тоқтату бойынша өз бетімен шешім қабылдамайды»
Жуырда отандық басылымдардың бірі Денис Теннің өліміне күдікті Арман Құдайбергеновтің қайғылы оқиғадан 10 күн бұрын Астана қаласында ұсталып, оның елорда аумағынан шықпау туралы қолхат бергенін хабарлаған еді. Бұл туралы бүгін өткен брифинг барасында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов айтып, қылмыскердің қолхат бергенін растады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Брифинг кезінде журналистер қоғам белсенділерінің Ішкі істер министрлігінің құрылымын реформалауды талап етіп, тамыз айының басында бейбіт митингке шығуы мүмкін екендерін айтты. Осы орайда, олардың қаншалықты тұтқындалуы мүмкін екенін сұрады. «Бейбіт митингтер мен шерулер өткізу туралы заңнамаға сәйкес, мұндайға алдымен жергілікті билік рұқсат беруі тиіс. Рұқсат берілген жағдайда, митинг сөзсіз өтеді. Яғни Ішкі істер министрлігі мемлекеттік орган ретінде митингтерді тарату немесе тоқтату бойынша өз бетімен шешім қабылдамайды. Ал Денис Теннің ісіне келер болсақ, расымен де, Арман Құдайбергеновті астаналық патрульдік бекет жасағы көлік айналарын ұрлау үстінде ұстаған. Заңға сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Осы процедураға сәйкес, тергеу 15 күнде жүруі тиіс және бұлтартпау шарасы ретінде тіркеліп тұру шарасы қолданылған. Яғни тіркелу міндеттемесі күдіктінің қалаларға баруына шектеу салмайды, тек белгіленген уақытта келіп тұрса жеткілікті», - деді Рашид Жақыпов. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар