Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Тәуекел Мүслім 18 жастағы қызы туралы: Өзім секілді сабырлы жан

Тәуекел Мүслім 18 жастағы қызы туралы: Өзім секілді сабырлы жан
ашық дереккөз
Актер келер жылы үйленетінін жеткізді.
Тәуекел Мүслім Oйбайlife бағдарламасында бойдақтықпен қош айтысатынын және сүйіктісімен сөйлескенде жас айырмашылығы сезілмейтінін айтты, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Жас келген сайын үйленуге қатысты сұрақ көбейе береді. Сол себепті, оған дұрыс көзқараспен қараймын. Қазір ешқандай жасырмай, «кездесіп жүрген қызым бар» деп нақты айта аламын. Тойдың ауылы алыс емес. Бұйырса, үйленеміз», - дейді Тәуекел Мүслім. Үйленемін деп жар салса да, актер қызына қатысты еш ақпарат бере алмайтынын жеткізді. «Қызыма қатысты ақпаратты ашық түрде айта алмаймын. Бар болғаны, ол менің іздеген, өзім қалаған қыз. Жасы 18-де. Менен 11 жас кіші. Десе де, бұл жас айырмашылығы еш сезілмейді. Қыз бала тез есейетін болғандықтан, қазіргі ара-қатынасымыз өте жақсы. Екеуіміздің мінезіміз ұқсайды. Ол да өте сабырлы, тез ашуланбайды, қарапайым отбасынан шыққан. Сол себепті, мен өзіме керек адамды таптым деп ойлаймын. Оның шоу бизнеске қатысы жоқ және әлеуметтік желіде бірге түскен суреттеріміз тарамаған», - дейді актер.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар