Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баланың қызуы көтерілген кезде көрсетілетін алғашқы көмек

Баланың қызуы көтерілген кезде көрсетілетін алғашқы көмек
ашық дереккөз

Баланың қызуы көтеріліп, мазасыздана бастаған  кезде не істеу керек? Ата-аналар үйде алғашқы көмекті көрсетуге міндетті.  Сол көмектердің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Оны баланың денесіндерге түрлі ерекшеліктерге қарай анықтайды.

  Көптеген ата-аналар халық арасындағы спиртпен немесе сірке қышқылымен ысу сияқты әрекеттер жасап жатады. Ал шын мәнінде бұл баланың терісін, тыныс алу жолын улау екен. Баланың ыстығы көтерілген кезде не істеу керектігін балалар дәрігері  Ғалия Батыржанқызы «Ана мен бала» бағдарламасында түсіндіріп берді. «Бала 35-37,5 градусқа дейінгі ыстықты көтере береді. Кей балалар тіпті 39 градус кезінде де күліп-ойнап жүребереді. Кішкентай балаларға свеча сәл ересектеулеріне дәрі, сироп бере аламыз. Ол әрине баланың жасына қарай ыңғайлы болу үшін. Негізі мына дәрі  баланың қызуын жақсы түсіреді деген нақты қорытынды жоқ. Балалардың ағзасы әр түрлі, сол үшін бір балаға жақсы әсер еткен дәрі екіншісіне көмектеспеуі мүмкін. Дене қызуының екі түрі бар. Олар: ақ және қызыл. Ақ- баланың басы қатты ыстық, денесі, аяқ-қолы мұздай болады. Бұл кезде баланың денесін ысып, жылы орап қою керек. Тек қызуын басатын дәрі беруіміз керек. Бар болса  баланың денесін грелкамен жылыту керек. Тамыр тарылтатын дәріні бермейміз. Себебі ол ас қорыту жүйесі арқылы жетемін дегенше баланың қызуы басылып қалуы мүмкін. Кейіннен әсер еткен кезде ол басқа ауруға душар етеді. Қызыл- баланың денесі қызарып кетеді. Ол кезде үй температурасындағы сумен баланың денесін ысу керек. Әсіресе қолтығын, аяғын. Осыдан кейін орап денесін жылыту керек. Маңдайына  дәкені сәл салқындау суға жуып алып, басқан дұрыс. Баланың ыстығын тексерген кезде жарты градусқа түскен болса да үлкен нәтиже. Кей аналар қорқып, дәріні мөлшерден асырып беріп қояды. Ол дұрыс емес. Тіпті антибиотик беруге де болмайды. Егерде бала қандайда бір хирургиялық немесе неврологиялық дерті болып, арнайы тіркеуде тұрған болса оның қызуын белгілі бір мөлшерден асырмау керек. Ол балалардың ыстығын өзінің дәрігері айтқан мөлшерден асырмау ұшін берілетін дәрілері болады. Тағыда айта кететін жайт 12 жасқа толмаған балаларға аспирин беруге мүлде болмайды. Содан кейін көп аналар баланың қызуы көтерілсе спирт, сірке қышқылын суға араластырып денесін ысып жатады. Бұл мүлде дұрыс емес. Бала терісі арқылы тыныс алады, сондықтан керісінше қолдан улап алуымыз мүмкін»,-дейді  дәрігер Ғалия Батыржанқызы.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар