Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Масқара: Түркістандық азамат құзырлы орган қызметкеріне қоқыс жинатқызып қойды

Масқара: Түркістандық азамат  құзырлы орган қызметкеріне қоқыс жинатқызып қойды
ашық дереккөз
Құқық қорғаушы Құрманғазы Мүсір энергетикалық сусынның қалбырын көшеге тастай салған полицейге ескерту айтты 

Заңгер Түлкібас аудандық полиция бөлімшесі маңында тәртіп сақшысының қоқысты тастағанын көріп, оған ескерту жасады.

"Масқара... Қазір ғана, Түркістан облысы ІІД Түлкібас аудандық Ішкі істер бөлімінің алдында, полиция қызметкері полиция қызметтік автокөлігінен шығып, менің көзімше көшеге "GORILLA" сусынының босаған ыдысын  қоғамдық жерге тастап, əкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Ағай неге қоғамдық жерді ластап жатырсыз деп ескерту жасаған едім, қайта алып автокөлігіне салып қойды.

Азаматтық тұрғыдан, ІІ Органдарына жəне Түлкібас аудандық əкімшілікке ауданды, Тұрар Рысқұлов атамның аты берілген ауылды таза ұстауға тигізген көмегімнің бірі болсын.Қазір ІІ бөлімінің бастығынан аталған қызметкерге əкімшілік шара қолдануын сұраймын. Нəтижесін кейінрақ жариялаймын..."- деп жазды Құрманғазы Мүсір өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

   
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар