Басты жаңалықтар
Эксперимент: «Google» іздестіру жүйесіндегі суреттер топтамасы сіз ойлағаннан көп мағлұмат бере алады.
- автор kyn.kz
- 8 тамыз, 2018
- 377
«Визуалды әлеуметтану» туралы естігендеріңіз бар ма? Қарапайым сурет арқылы нені білуге болады?
Kyn.kz сайтының мәліметтеріне сәйкес.
Адамдардың визуалды түрде ақпаратты тез қабылдайтыны бұрыннан дәлелденген. Әлеуметтану саласында «визуалды әлеуметтану» пәні қарастырылған. Яғни, фотосуреттер, журналдар, кинофильмдер, сурет өнері, визуалды БАҚ, жарнамалар арқылы әлеуметтік анализ жүргізуге болады екен. Бұл қалай жүзеге асады?
Мысалы, осы әдіс арқылы әр жердегі зейнеткерлердің тұрмыс жағдайының деңгейін қорытындылап шығаруға болады. Ол үшін жүз адамнан әлеуметтік сұхбат алудың, фоторепортаж жасаудың қажеті жоқ, бар болғаны «Google» іздестіру жүйесі қажет.
Қазақстан, Ресей, Батыс елдерінің зейнеткерлерін алайық. Алдымен өз еліміздегі жағдайды қарастырайық. Суреттер топтамасының іздеу жолына «қазақстан зейнеткерлері» сұранысын енгіземіз.
Сұраныстың нәтижесі мынандай: Суреттерге қарап-ақ қазақ зейнеткерлерінің тұрмысы жайлы болжамдар айтуға болады. Жиында отырған ақсақалдар, мерекелік іс-шаралардағы әжейлер, тиын санаған әжейлердің бірен-сараңы болмаса, жалпы біздің зейнеткерлер ұлттық құндылықтарымыздың арқасында көбінесе зейнетақыға қарап қалмай, балалардың қолында болатынын байқайсыз. Сол себепті болар, біздің ата-әжелеріміз қоғамдық шараларда белсенділік танытады. Келесі кезекте Ресей зейнеткерлеріне тоқталайық. Жоғарыдағы жүйені қайталап, орыс тілінде «пенсионеры россии» деп жазып көрсек мынандай нәтижеге ие боламыз: Мұнда өздеріңіз көріп тұрғандай тиын санағандар саны ұлғайып, билікке наразы ата-әжелер мен ақша бейнелері шыға келеді. Бәріне мәлім Ресейдегі зейнеткерлердің ауыр жағдайы суреттерден де көрініс табады. Ең қызығы сол «зейнеткер» сөзін ағылшынша «pensioner» деп енгізсеңіз мүлдем бөлек нәтижені көресіз. Бақытты әжейлер мен аталар. Өмірдің ең бақытты кезеңін кешіп жатқан адамдардың суреттері. «Өзім үшін өмір сүрудемін» деген айдарды сұрап тұрғандай. Өздеріңіз білетіндей батыстық тенденция бойынша адамдар балаларын үйден ерте ұшырып, өздері үшін өмір сүреді. Оған қоса Батыс елдерінде әлеуметтік көмек, зейнетақы төлемдерінен түсетін қаржы күндегі ішіп-жеуге ғана емес, әлемді шарлап, саяхаттауға да мүмкіндік береді.
Бұл қарапайым экспериментті кез-келген адам істеп көре алады. Бірақ оның нәтижесі 100 пайыз дұрыс нәтиже береді деп ойлау қате.