Беттегі безеуді сығу адамға тек жақсы келбет беріп ғана қоймай, денсаулығына зиянын да келтіреді
Нью-Йорк қаласындағы Лэнгон зерттеу орталығының дермотолог дәрігерлерінің зерттеулерің қорытындысы бойынша беттегі екі қастың ортасынан бастап мұрын мен ауыз айналасындағы безеулерді сығу адам ағзасына орны толмас зиян тигізеді. Бұл туралы Daily Mail жазады.
Ғалымдардың айтуынша, безеуді сыққаннан кейін қанға түсетін қолдағы бактериялар мен инфекциялар кейбір жағдайларда ми мен көздің жұмыс жасау функцияларын қалпына келместей қылып бұзуы мүмкін. Ғалымдар адам ағзасына беттің тіні арқылы түскен инфекциялар соқырлыққа, милық абсцесске, менингит пен инсультке душар қылдарады деп атауда.
Мұндай жағдайдың салдарын ескере отырып дерматолог дәрігерлер қарапайым дезинфекциялау жұмыстарын жүргізуге кеңес береді. Залалсыздандырудың неше түрлі тәсілдермен жасауға болады, ең болмағанда сусабын мен спиртті майлықтар қолдану қажет дейді. .