Басты жаңалықтар
Танымал визажист өзінің ерлерге де, әйелдерге де ұнайтынына қуанатынын айтты
- автор kyn.kz
- 15 тамыз, 2018
- 247
Нұрлан Әлімходжаев: Қазақстанда семіз адамдарға екінші сорт ретінде қарайды.
10 жылдан астам уақыт визажист болып жұмыс істеген Нұрлан Әлімходжаев артық салмақтың қиындықтары туралы айтып берді. Сондай-ақ, неліктен нәзік болып көрінуге тырысатынын түсіндірді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Мұхит Сапарбаевтың Ойбайлайф бағдарламасына сілтеме жасап.
«Меніңше, нәзіктігім «грация» деп аталады. Әдетте біреуге ұқсап баққым келмейді. Оның үстіне бұл табиғатта бар нәрсе. Біреудің мінезінде, біреудің әрекетінде кездеседі. Тағы бір адамның жүріс-тұрысы ерекше болып көрінуі мүмкін. Мысалы, Баян Есентаеваны алайықшы. Ол табиғатынан арыстан мінезді. Жабық отырыстарда болсын, камера алдында болсын өзін ұстай біледі. Яғни нәзіктігім табиғи нәрсе деп ойлаймын», - дейді визажист.
Сондай-ақ, Нұрлан Әлімходжаев басынан өткен артық салмақ мәселесіне тоқталды. Ол мұның моральдық тұрғыдан қиынға соққанын айтады.
«Дәл қазір салмағым – 60 кг. Жуырда Түркияда болып, сол жерде әткеншектерге отырмақ болдық. Стандартқа қаншалықты сай келетінімді тексеру үшін менің салмағымды өлшеді. Сол сәтте 10 кг салмақ тастағанымды ұқтым. Яғни менің салмағым 60 емес, 50 десем де болады. Менде салмақ өлшеу деген әдет жоқ. Оның үстіне таразы керісінше арықтауға кедергі жасайды деген пікірдемін. (...) Сол себепті, өзін ретке келтіргісі келген адамдар оны қолданбаса екен деймін. Дәл нәтижені киім мен өзге өлшеуіштер арқылы да білуге болады. Мысалы, сурет.
Сені ер адамдар да, әйел адамдар да қалап тұрса – бұл тамаша нәрсе. Мұхит, мен семіз болдым. Шошқаға ұқсадым десем де артық айтпаймын. Бұрын жастау болған кезімде мен үшін артық салмақ проблема болады деген ой болған емес. Тамақ ішпесеңіздер, арықтайсыздар ғой деп айтатын кездерім болатын. Бірақ, өзім артық салмақ қосып, толып кеткен соң, біздің қоғамның семіз адамдарды екінші сортқа жатқызатынын түсіндім. Саған сексуалдық объект ретінде қарамайды. Қыздар үшін үнемі дос болып қала бересің», - дейді Нұрлан Әлімходжаев.
Келесі мақала