Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енді ресми түрде студентпін: Жасы 40-тан асқан отандық тележүргізуші елді таңғалдырды

Енді ресми түрде студентпін: Жасы 40-тан асқан отандық тележүргізуші елді таңғалдырды
ашық дереккөз
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қайтадан студент атанды. Ендігі ол бизнес әлемінің қыр-сырын үйренбек
Ләйлә Сұлтанқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жоғарғы оқу орнына түсіп, қайта студент атанғалы отырғанын жазып, оқырмандарын таңғалдырған болатын.  Ләйләнің айтуынша,  оқуға өзінің қаржылай сауаттылық пен сауда заңдылығының қыр-сырын меңгеруге қажеттілік туындаған  соң түсіп отыр. «Қазір қолымызды кеш сермейтін, ғылымды ескермейтін заман емес. Анау жолы мемлекеттік грантқа таласпаймын, күйеуімнің ақшасына оқимын деп жазған едім ғой. Ағылшыннан тест тапсырдым, эссемді жаздым. Енді ресми түрде студентпін. Неге қажет болды? Менің шығармашылығымдағы әр этап жеке бір кейс-ау. Мысалы әр бағдарлама, желі, кітап саласы, алдағы кондитерлік желі мен қайта қолға алғалы отырған менторлық қызмет пен тренингтер бәрі жап-жақсы пайдасы бар (болатын) бизнес көзі. Қаржылай сауаттылық пен сауда заңдылығының қыр-сырын білу қажет болып тұр», – деп жазды тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында. Қайтадан студент атануға бел байлған Ләйләнің бұл жолғы таңдауы Астанадағы жоғары оқу орындарының біріндегі Бизнес мектебіне түсіпті. «Неге Швейцария емес? Сол! Отбасы, баланың сабағы дегендей. Шынын айтқанда, Қайрат шетелге келіншегін жалғыз жібергісі келмейді», – дейді Ләйлә Сұлтанқызы. https://www.instagram.com/p/Bmh0fFFAPTM/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар