Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зоопаркте тұрған сияқты: Қарақаттың қызын түсіруге жанталасқан отандық жұлдыздар жұрттың ашуына тиді

Зоопаркте тұрған сияқты: Қарақаттың қызын түсіруге жанталасқан отандық жұлдыздар жұрттың ашуына тиді
ашық дереккөз
Қарақаттың кішкентай қызын қаумалап, видеоға түсіре жөнелген жұлдыздаржелі қолданушыларының қатал сынана ұшырады

Жұлдызды жұптың Аяла есімді қызы бүгінде бір жастан асты. Өзі кішкентай ғана  болса да, алғырлығымен бірден көзге түсуде. Себебі, ол өзін қаумалаған жұрттан қымсынбастай, анасы шарқап отырған әнді бірге айтты.

Желі қолданушыларының бір бөлігі баланың өнеріне тәнті болса, дені отандық эстрада жұлдыздарының әрекетін сынға алды. Өйткені бүлдіршіннің ән шырқап отырғанын көрген Айнұр Тұрсынбаева бастаған қазақ жұлдыздары оны жапа-тармағай видеоға түсіре жөнелген. Олардың қатарында Алтынай Жорабаева да бар. Жұлдыздардың дәл осы әрекеті елге жақпай қалға сыңайлы. Себебі олар түрлі сын пікірлерін жаудыра бастады.

"Не боп кетті заман, тек телефонға түсіреді бәрін. Адам адаммен сөйлесе алмай қалды ғой, жиіркенішті", "Не болды соншама бәрі түсіріп, түк көрмегендей. Күлкілі көрінеді", "Зоопаркте тұрған сияқты", "Сонша адам неменеге түсіріп жатыр. Өмірлері тек телефонда ма?! Адам болған соң отырмай ма әңгіме дүкен құрып", "Мына жерде видеоға түсіріп тұрған адамдарға таңым бар", - деп жазды олар.

Сондай-ақ  видеодағы сәбидің қабілетін тамсанып, таңдай қаққандар да аз болған жоқ. Олар Аяланың ата-анасына тартып, әнші боларын күмән келтірмеді.

https://www.instagram.com/p/Bmi0HwfgZRR/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар