Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өзінше: Тыңдармандарымен суретке түсуден бас тартқан отандық әнші елдің сынына қалды

Өзінше: Тыңдармандарымен суретке түсуден бас тартқан отандық әнші елдің сынына қалды
ашық дереккөз
Айдана Меденова Алматыда болған концерттен кейін тыңдармандарымен суретке түспегені үшін халықтың көңілін қалдырды

Осыдан бірнеше күн бұрын Көк Төбе сахнасында жанды дауыста ән шырқаған Айдана Меденова тыңдармандарының қатал сынына ұшырады. Әншінің өнерін бағалап, өзімен көрісіп, суретке түсуді қалаған көрермендер концерттен ренжіп қайтқанын жазып жатыр.

Олар Меденовамен суретке түспек болғанда оққағарлары мен күйеуі оған жол бермей, әншіні тез арада алып кеткенін айтты. Желі қолданушылары осыған қатысты Айдананың парақшасында түрлі пікірлерін жаудырды.

«Біз болдық қой Көктөбеде, концерт біткенде елдің бәрі артынан жүгіріп, ауыздарын ашып қалды. Қасында толған охрана, күйеуі. Адамдар жеп қоймайды ғой. Суретке түсіп кетсе болады. Қаншама адам жүгіріп қалды», «Айдана сенікі мүлдем дұрыс емес, өр көкірек болып кетіпсің, осы халықтың арқасында жүргеніңді ұмытпа. Бүгін Көктөбеде болдым, көрдім, көзім жетті. Тым артық кеттің», «Фотоға түскісі келмеді, өзінше болып кетіпсіз», - деп жазды ренжіген оқырмандары.

https://www.instagram.com/p/BmghBEKnhYO/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар