Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Лукашенко ашуға булығып, дұрыс жұмыс жасамаған "жалқау" министрді жұмыстан қуып жіберді

Лукашенко ашуға булығып, дұрыс жұмыс жасамаған "жалқау" министрді жұмыстан қуып жіберді
ашық дереккөз
Белорусь президенті Александр Лукашенко Витебск облысының Оршанск қаласына барған іс-сапарында елдегі бірқатар шенеуніктерді сынға алды
Лукашено облыстарға барған кезекті іс-сапарында көптеген министрлердің жұмысын сынға алды. Мәселен, Белорусь президенті  Витебск облысына барған іс-сапарында облыстық губернатор  Николай Шерстневке "Өз ісіне немқұрайлы қарағандығы әрі тапсырмаларды уақтылы орындамағандығы үшін" қатаң ескерту жасаған.

Ал, өнеркәсіп министрі Виталий Вовка мен сәулет және құрылыс министрі Анатолий Черныйдан  президент тез арада отставкаға кетуін талап етті.

Сол сияқты мемлекет басшысының ескертуінен мемлекеттік әскери-өнеркәсіп комитеті мен қауіпсіздік кеңесінің төрағалары да қашып құтыла алмапты.

"Егер жағдайды күзге дейін реттемесе, сіздер де жаңағы әріптестерінің соңынан кетесіздер. Басқаларға да соны ескертемін", - депті президент.

Лукашенко әсіресе елдегі өнеркәсіп министрлігінің жұмысына көңілі толмаған. Ол оған Оршанск қаласындағы зауыттардың біріне жұмысқа тұруға кеңес берген.

"Егер мен айтқан тапсырмалардың бірі де орындалмаса, өздеріңізден көріңіздер. Әріптестеріңіз сияқты орындарыңыздан кетесіздер", - деп ашуға булыққан Лукашенко.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар