Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Адам нанғысыз нәрсе: Қазақстандық қыз Nickelodeon арнасының шоуында басты рөлді сомдайды

Адам нанғысыз нәрсе: Қазақстандық қыз Nickelodeon арнасының шоуында басты рөлді сомдайды
ашық дереккөз
Алматылық 10 жастағы Софи Манасян Никелодеон арнасында басты рөлдердің бірін ойнайды
Қазірде алматылық балақайдың қандай шоуда басты рөлде ойнайтыны белгісіз. Десе де, Софи мен анасы Ольга оның Никелодеон арнасында рейтингі ең жоғары жобалардың бірі екенін айтты. Шоу Никелодеон арнасы бар барлық елдерде көрсетілетін болады. Шоудың өзі  Warner’s Brothers студиосында түсіріледі екен. Түсірілімнің жалпы бір аптаға созылады. Ал жас актриса мен оның анасы түсірілім уақытында киностудияның жанында орналасқан қонақ үйде тұратын болады: https://www.instagram.com/p/BmbGz2yHj6i/?utm_source=ig_web_copy_link “Бұл жоғарғы деңгейдегі біз үшін  үлкен тәжірибе. Софи — шоудың басты қатысушысы. Алыс елден келген, ағылшын тілінде сөйдеуші адамдардың қатарына кірмейтін біздер үшін бұл адам нанғысыз нәрсе! Үлкен сахнада Софи America’s got Talent  бағдарламасының жүргізушісіне осыдан екі жыл бұрын ағылшынша сөйлей алмағандығы, алыстағы Қазақстаннан келгендігі туралы сұхбат беріп тұр. Жүргізуші өз қуанышын жасыра алар емес. Түсірілім алаңындағы бірде-бір адам ағылшын тілі Софидің туған тілі емес деп ойламайтын еді. Себебі, ол режиссердің айтқан нұсқауларын, ескертпелерін бірден түсінеді. Шоу продюсерлері, гримшілерімен жақсы жұмыс жасайды. Өз ойларын еркін жеткізеді. Туған жері туралы әңгімелерін айтып, барлық тапсырмаларды орындайды. Ең бастысы — сахнада және дарынды адамдардың ортасында өткізген әр секундына қуанады. Кезінде ол осының барлығын мүмкін емес дүние деп санаған. Ал бүгінгі күні оның арманы орындалды. Софи барлығына өз елінің атын айтуды үйретті. Сонымен қатар, қазақстандықтарды Софиден тосын сый күтіп тұр. Ол режиссерден өз Отанына деген махаббатын теледидар экраны арқылы көрсетуді сұрады. Әзірге осыны ғана айта аламын! Түсірілім процессінің ішінде Софидің жеке грим жасайтын бөлмесі, көмекшісі, тәтті тағамдары, тіпті балмұздақ күркесі бар. Тіпті сахна сыртының әдемілігі сонша, әр түсірілім күні минутына дейін жазылған”, — дейді жас актрисаның анасы Ольга. Сондай-ақ Софидің анасы шоудың іріктеу кезеңі де оңай болмағанын айтты. “Кастингтің бірінші кезеңінде кейіпкер өз өнерін көрсетіп, өзі туралы видео түсіру керек болатын. Бізге осы видеоларды іріктеуге көмектескен инстаграмдағы оқырмандарымызға үлкен рахмет айтамыз. Осы кезеңнен соң олар Софиден скайп арқылы сұхбат алды. Сосын бірнеше рет қоңыраулар шалды. Жалпы айтқанда, осының барлығы 4 айдан астам уақытқа созылды. Бірақ ісіміз жемісін берді. Никелодеонның режиссерлері, операторлары мен гримершілері, барлығы Қазақстанның кішкентай қатысушысымен жұмыс жасауда. Бұл өте әсерлі дүние. Софи өте бақытты”, — дейді ол. https://www.instagram.com/p/BmkliWynETx/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар