Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Шәкен ағамыз да оқымаған». Асхат Тарғын неліктен актерлікке бет бұрғанын түсіндірді

«Шәкен ағамыз да оқымаған». Асхат Тарғын неліктен актерлікке бет бұрғанын түсіндірді
ашық дереккөз
Десе де әншіге осы күнге дейін басты рөл бұйырмаған екен.
Асхат Тарғын «Ойбайlife» бағдарламасына берген сұхбатында актерлікке бет бұрғанын және өзіне осы саланың ұнап қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Өзімді толыққанды актермін деп айта алмаймын. Шыны керек, мен актерлікті оқыған жоқпын. Тек музыка саласында білім алдым. Қазақта «Жігітке жеті өнер де аз» деген сөз бар. Оның үстіне арасында бейнебаянға түсіп, камераның алдында жүруге үйренгенбіз. Мені сериалға түсуге өздері шақырды. Ал менің орныма бастапқыда келісілген актерлері бір жағдайлармен келе алмай қалған екен. Оның бас тартуы түсірілімнің ұзақтығымен байланысты шығар. Яғни сериалдың режиссері менің бейнебаяндағы рөлдерімді қалай ойнайтынымды көрген. Кейін «Сен осы рөлді ойнай аласың. Келіп көрсеңші» деп шақырды», - деді әнші. Әрі қарай бұл сомдаған рөлінің өміріне еш өзгеріс әкелмегенін айтты. «Мен өмірде қандай болсам, кинода да сондаймын. Себебі, маған басты рөлдегі кейіпкердің рөлі берілмеді. Шмән апаның үшінші кенже ұлы болдым. Арасында ғана шығып жүрдім. Бастамамыз жаман емес. Қазір бірінші маусым бітті. Рейтинг жоғары болғандықтан екінші маусымға түсіп жатырмыз», - дейді ол. Сондай-ақ, Асхат Тарғын актерліктің өзіне ұнап қалғанын жасырмады. Десе де, киноға табиғи таланты немесе осы салады білімі бар жандар ғана түсуі керек деген пікірде. «Былтыр бір киноға түскен болатынмын. Бірақ, ол жерде бірнеше сахнада ғана ойнадым. Сол кезде маған осы сала кішкене ұнап қалды. Ойнап жүргендер өзіміз секілді адамдар екен. Сонымен, тәуекел деп түстік. Бірақ, өз басым киноға осы сала бойынша білімі бар актерлер ғана түсуі керек деп ойлаймын. Өйткені, әр саланың өзінің маманы болады. Бәрібір кімнің оқыған екені көрініп тұрады. Кейде табиғи таланттар болады. Менің естуімше, Шәкен Айманов ағамыздың өзі оқымаған екен», - деді жұлдыз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар