Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Арықтаған Нұртас Адамбай өзіне қалыңдық іздеп жүр

Арықтаған Нұртас Адамбай өзіне қалыңдық іздеп жүр
ашық дереккөз
Желі қолданушылары режиссерге үйленуге ұсыныс жасады.
Нұртас Адамбай әлеуметтік желіде арықтау үшін фитнес залға барып жүргені туралы жазды. Сондай-ақ, режиссер жуырда арықтайтынын және өзіне жаңа қалыңдық іздейтінін айтып өтті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Десе де, бұл режиссердің кезекті әзілі болуы да ғажап емес. «Жуырда арықтаймын! Қалыңдық іздейтін кез келді. Рахмет саған», - деп жазды Нұртас Адамбай.  width= Көпшілік режиссердің арықтамаса да сымбатты екенін жарыса жазып жатты. Арасында отбасын құруға ұсыныс жасаған қыздар да болды. «Біз сізді осы қалпыңызда жақсы көреміз», «Артық салмақтың болмағаны жақсы», «Арықтау керек. Жастарға үлгі бол!», «Сенің әйелің бар емес пе?», «Мен сіздің әйеліңіз бар деп ойладым», «Кел екеуіміз үйленейік», «Қой! Қалыңдық іздеудің қажеті жоқ. Сен сияқтылар тым аз» деп жазды желі қолданушылары.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар