Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бақытымда шек болмады: Қостанайлық отбасы әйгілі Рой Джонсқа ұлының тұсауын кестірді (фото)

Бақытымда шек болмады: Қостанайлық отбасы әйгілі Рой Джонсқа ұлының тұсауын кестірді (фото)
ашық дереккөз
Әлемге әйгілі боксшы Рой Джонс Рудный қаласына қонаққа келді. Соны естіген қостанайлық отбасы ұлының тұсауын кестіру үшін боксшыны аңдыған екен
Мейрамғали бір жасқа келген ұлы Мұхаммед Әли Мұстафаның тұсауын кімге кестірерін ойлап жүргенде, Рудный қаласына Рой Джонстың келгенін естіп, қатты қуанып кеткенін айтады.

"Рой Джонс Рудныйға келетінін естігенде, үш баламды ертіп алдым да, тартып кеттім. Кіші ұлымның тұсауын кесетін уақыт жақындаған еді. Рой Джонсқа кестіруді ұйғардым. Өйткені, мұндай мүмкіндік қайта-қайта келе бермейді. Бірақ боксшының қай жерде болатыны туралы мүлде хабарым жоқ еді", - дейді Мейрамғали Ақмолдинов.

 width= Осылайша, Мейрамғали қаланы түгел аралап шығып, Рой Джонстың қай жерге тұрақтағанын іздейді. Кейін олар офис алдында тұрған кортежді көріп, боксшыны сол жерде деп болжайды. Мейрамғалидің болжамы қате кетпеді. Ол ұйымдастырушыларға осындай ниетінің барын айтқанда , ешкім қарсы болмаған. Тіпті, боксшының өзі тұсау кесуге қуана-қуана келісіпті. "Боксшы үлкен ұлыма қолтаңба беріп, кіші ұлымның тұсауын кесті. Біздің бақытымызда шек болған жоқ", - дейді ол.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар