Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бас прокуратура: Қашқын Мұхтар Әблязов банкирдің өліміне басты күдікті

Бас прокуратура: Қашқын Мұхтар Әблязов банкирдің өліміне басты күдікті
ашық дереккөз
Қазақстанның Бас прокуратурасы қашқын банкир Мұхтар Әблязов "Банк Тұран Әлемнің" экс-басшысы Ержан Тәтішевті өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.
Еліміздің Бас прокуратурасы қашқын банкир Мұхтар Әблязов "Банк Тұран Әлемнің" экс-басшысы Ержан Тәтішевті өліміне қатысы бар екенін айтқан еді. Бұған дейін бас қадағалау органы қашқын банкирді жауап алуға шақырған еді. Алайда Әблязов және оның қорғаушысы шақыртуды елемей, жауап алуға келмеді. Сол себепті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 206-бабы 8-бөлігіне сай 1963 жылы туған күдікті  Мұхтар Әблязовтың әрекеті сараланғанын хабарлады. Сотқа дейінгі іс жүргізу мен жинақталған дәлелдемелердің негізінде осы жылдың 17 тамызында Әблязовтың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабы 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің "ж", "з" тармақтары бойынша сараланды. "М.Қ.Әблязов "Банк ТұранӘлем" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Е.Н.Тәтішевті пайдакүнемдік ниетпен М.Тоқмадимен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қасақана өлтіруді ұйымдастырды деген күдікке ілінді", — деп  қадағалау ведомствосы айтқан болатын. Осыған дейін күдікті Мұхтар Әблязов жауап алу және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу үшін 16 тамызда Бас прокуратураға шақырылғанын еске саламыз. Алайда белгіленген уақытта ол келген жоқ, келуге тосқауыл болған себептерін түсіндірген жоқ.
 
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар