Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Билікке қарсы байкот: Қостанайда тұтастай бір ауыл мектебінің оқушылары шу шығарып жатыр

Билікке қарсы байкот: Қостанайда тұтастай бір ауыл мектебінің оқушылары шу шығарып жатыр
ашық дереккөз
Қостанай облысында орналасқан Семилетка ауылында мектеп әлі күнге дейін жоқ. Балалар оқу үшін көрші ауылдағы мектепке ескі автобуспен барып жүруге мәжбүр
Қостанай мен Рудный қалаларының ортасында Семилетка ауылы орналасқан. Бұл ауылдың әлі күнге дейін мектебі жоқ. Сол үшін жергілікті тұрғындар балаларын  көрші Перцевка ауылындағы мектепке апарып, оқытуға мәжбүр. Жаңа оқу  жылының басталуына азды-көпті екі апта уақыт қалған соң, ауыл тұрғындары  дабыл қағып отыр. Себебі балаларды көрші ауылға таситын көлік тым ескі көрінеді.

"Қыс уақытында автобус үнемі істемей қалады. Кей кезде күн қатты аяз болмаған уақытта, мәселен -19 градустың өзінде-ақ автобус істен шығып қалуы мүмкін. Сол кезде жоғары сыныптың оқушылары көлікті жүргіземіз деп итеріп әлек болады. Өте қиын, балаларымызға мектеп салып берсін немесе жөнді көлік берулерін талап етеміз",-деп ашынады тұрғындар.

Ал, тұрғындардың жан-айқайын естіген Жданов ауылдық округі әкімдігі "көліктің жөнделіп жатқандығын" алға тартып, оларды сабырға шақырды.

"Көлік жөнделеді, қазірдің өзінде оның маңызды тұстары жөндеуден өтті. Келісімшарт жасадық, күзге дейін бәрін бітіруіміз керек",-дейді ауыл әкімі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар