Бар шындықты айтты: Астанада өз-өзіне қол салған дәмхана иесінің қызы оқиғаның қалай болғанын жайып салды
- автор kyn.kz
- 20 тамыз, 2018
- 448

Өх--өзіне қол салған дәмхана иесінің қызы Тунзалы Рашидлидің айтуынша, қайғылы оқиға орын алған күні дәмханаға полицей қызметкерлері мен сот орындаушылары келген екен. Содан нысанды ешкімге ескертпестен сүре бастапты.
Ал заң бойынша әкесі Авазов Майор Рашид-оглы осы ғимаратты 8 жыл бұрын салған көрінеді.
"Біз бұл жерді 2020 жылға дейін жалға алған едік. Біздің қолымызда құжаттар да, келісімшарт та бар",-дейді қайғыдан қан жұтқан бойжеткен.
Сонымен бірге ол "2015 жылға дейін жер телімі бір компанияға тиесілі болғанын, алайда біршама уақыттан кейін жалға алушыларға ескертпей, оны өзге біреулер тартып алғанын" жеткізген.
"Прокуратура бізге 10-қыркүйекке дейін уақыт берген еді. Сол күні шыны керек оқ атқан дыбысты естімедім, тек адамдардың "өлді", "өлді" деген дауыстарын ғана естідім",-дейді ару.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада сүріліп жатқан дәмханасын көрген кәсіпкер, сот орындаушыларының көзінше өз-өзін атып жіберген еді.