Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Еш өкінбейміз: Туған әкелерін аяусыз пышақтап өлтірген қыздар сұмдық жайттарды айтты

Еш өкінбейміз: Туған әкелерін аяусыз пышақтап өлтірген қыздар сұмдық жайттарды айтты
ашық дереккөз
Туған әкелерін 30 жерден пышақтап өлтірген қыздарға қатысты сұмдық жайттар белгілі болды.

Әкелерін аяусыз өлтірген үш қыз бүгінде жазасын өтеп,  темір  тордың ар жағында отыр.

Апа-сіңлілердің ортаншысы Ангелина өзінің әпкелерін сағынатынын айтқан. Ал кенжесі Мария болса, кәмелет жасына толмағандарға арналған арнайы қамауда жатса, үлкендері ересектерге арналған түрмеде екен.

Сондай-ақ қыздардың ең кішісі басына МРТ жасататынын да айтыпты. Өйткені бойжеткеннің 14 жасынан бастап басы ауыратын көрінеді.

"Әкем мені бетімде із қалмасын деп үнемі басымнан ұратын. Жұдырығын жұмсайтын, кейде тіпті орындықпен бір соғатын. Оған әбден етіміз үйреніп кеткен. Қазір шыны керек, үйден гөрі түрмеге келгеніме қуаныштымын. Біз әлгіндей қорлықтан құтылдық",-дейді ару.

Сонымен бірге әкелері оларға мектепке де баруға тыйым салған. Кейде оның рұқсатынсыз  бойжеткендер тамақтануға, одан қолды әжетханаға бара алмайтынбыз дейді.

"Біз оның қыздары емес, күңдері болатынбыз",-дейді олар.

Естеріңізге сала кетейік, Кристина, Ангелина және Мария есімді үш апалы-сіңлілі 57 жастағы әкелерін 30 жерден пышақтап өлтіріп, кейін полицей шақырған болатын. Сөздеріне сенсек, олар мұндай әрекетке әкелерінің тым қаталдығынан әрі көрсеткен қорлығына шыдамай барған.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар