Басты жаңалықтар
Ақшаны ауаға шашты: Саммиттен кейін бір аптада Ақтау қандай күйге түсті? (видео)
- автор kyn.kz
- 20 тамыз, 2018
- 422

Ақтаулық азамат бес президенттің басын қосқан саммиттен кейін қаланың бір апта ішінде ғана қандай күйге түскенін көрсетті. Тұрғындар қалада сусыз қуралған көшеттер үшін алаңдап жатыр.
Қала тұрғынының сөзіне сенсек, мемлекет басшылары келердің алдында отырғызылған көшеттер қурауға шақ қалған. Ол қыруар қаржы бөлініп отырғызылған көшеттердің бүгінгі күйін көріп билікке қатысты ашуын жеткізді.
"Топырақ мүлде құрғақ. Барлық ағаштар ешкімге керегі болмай, қурап қалды", - деп ашынады ер адам.
Мұны көрген желі қолданушылары сын-пікірлерін жаудыруда.
"Ақшаны ауаға шашты", "Саммит деген жақсы, әрине, алайда мемлекет қаражатына отырғызылған ағаштарды сақтамағаны дұрыс болмады", - дейді пікір қалдырушылар.
Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 10-12 аралығында Ақтау қаласында Каспий маңы мемлекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақстанның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатысты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі, теңізде экономика, көлік-транзит, экология, қауіпсіздік және басқа да салалар бойынша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. https://youtu.be/8-Qtue3qQmU