Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Досы: Жуырда Денис Тен ісіне қатысты мәліметтер жарияланады

Досы: Жуырда Денис Тен ісіне қатысты мәліметтер жарияланады
ашық дереккөз
Марқұмның жақын досы Санжар Мәдиев дәл қазір шетелде жүр.
Марқұм спортшының жақын досы бір айдың өзі үшін қиынға соққанын айтып, тергеуге қатысты мәліметтермен бөлісті, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. «Дениссіз өткен 30 күн... Жуырда тергеушілерге барып қайттым. Меніңше, олар жақында тергеу нәтижелерін жариялайды. Ұсталғандар куәлік етті. Оқиға куәгерлері де табылып, өздерінің бар білгендерін айтты. (Ешкімді темір торға қамап қойған жоқ. Ал қанды оқиға болып жатқанда алаңда жаттығып жүрген спортшысымаққа бақыт пен табыс тілеймін. Себебі, ол әлі күнге дейін келіп көмектеспеді. Ең болмаса, жақсы спортшы боласың деген үміттемін», - деп жазды Санжар Мәдиев.
Сондай-ақ, актер Денис Теннің бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған видеосын бөлісті. «Жаныңызға осы нәрсе батып жатқаны үшін мен де мұңайып отырмын», Арада бір ай өтсе де, әлі күнге дейін жүрегіміз ауырып, көзімізге жас аламыз. Санжар, рахмет саған. Жуырда ғана саған жазып, куәгер туралы сұрамақ едім. Сен құдды менің ойымды оқып қойғандайсың» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары. Бұдан өзге марқұм мәнерлеп сырғанаушының достары аккаунттарына қара сурет қойып, бұл қайғылы қазаны әлі күнге дейін қабылдай алмай жүргендері туралы жазып жатыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар