Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мерзімінен бұрын босатылады : Бішімбаевтың ісі бойынша сотталған азамат жақын арада түрмеден шығуы мүмкін

Мерзімінен бұрын босатылады : Бішімбаевтың ісі бойынша сотталған азамат жақын арада түрмеден шығуы мүмкін
ашық дереккөз
Қуандық Бішімбаевпен бірлесіп, мемлекеттің бюджетінен 1,5 миллиард теңге ұрлаған Аслан Жақыпов түрмеден шығуға өтініш білдірді
“Байтерек—Development” холдингінде төрағаның орынбасары ретінде қызмет еткен Аслан  Жақыповтың мерзімінен бұрын түрмеден шығу өтінішін Астананың қалалық соты қарастырды. “Сот шешіміне айыпталушының тәртібі, жазасын өтеп жатқан мекемеде өзін жақсы іс-әрекеттері негіз болды. Оның үстіне айыпталушы мерзімінен бұрын босатылмас бұрын, ҚР Қылмыстық кодекспен бекітілген жазасын өтеген”, —  дейді Астана қаласы сотының баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова. Естеріңізге сала кетейік, Аслан Жақыпов ұлттық экономиканың бұрынғы министрі Қуандық Бішімбаевтың ісінде бірінші күдікті ретінде ұсталған. Жалпы, олардың қылмыстық істеріне 22 адам қатысқан. Бішімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал  Жақыпов ақшаны тасымалдаумен айналысқаны үшін тек бір жарым жылға  сотталған еді. Ол жазасының басым бөлігін өтеп үлгерді. Түрмеде қалған он айын өтеп шығуы керек еді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Прокурорлар оған шағымдана алады. Бақылау органдарынан ешқандай ескертпе болмаса, Аслан Жақыпов бостандыққа шығады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар