Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Майра Мұхамедқызы намысына тиген тыңдарманына ортаңғы саусағын көрсетті

Майра Мұхамедқызы намысына тиген тыңдарманына ортаңғы саусағын көрсетті
ашық дереккөз
Әншіні ондаған тыңдарманы аяусыз сынап, отбасы мен қызына қатысты мәселелерде келемеждей түскен.
Танымал әнші Майра Мұхамедқызы ұзақ жылдар бойы күткен қызына тәрбие беру мәселесінде тыңдармандарымен жиі ақылдасып тұрады. Осы жолы әнші кезінде өзінің орыс тілін білмей қатты қиналғаны жайлы жазған. Сол қиындық қызының алдынан шықпасын деген болар, орыс балабақшасына беріпті. Көпшілік әншінің қызын орыс тілінде оқытқанын құптамады. Тіпті Майра ханымға ауыр сөздер жазып, кемсітуге дейін барды. Қазақстанның атын әлемге танытып жүрген әнші ашуланып кетсе керек, «Қытайлықсыз ғой, қызыңызды қытайша оқытыңыз» деп жазған оқырманына ортаңғы саусағын көрсетті. «Аида қызымыз көзді ашып жұмғанша бала бақшаға тарыдай болып барып бір ауыз орысша білмеген баламыз қазір өзіңді жаңылдырады (орыс тіл сауатын ашқан Алматыдағы Гүлсім Мұратовна апайымызға мың алғыс) міне бүгін Астанадағы Қарлығаш бала бақшамен қоштасып, күзде мектепке баруға дайын болып шықтық! Әкесі екеуміз қызымыздың әр бір айтқан сөзіне, іс қимылына бір күліп, бір жылап қуанышымызды жасыра алмай отырмыз. Ең қарапайым бала бақшадан бастап, ең жақсы деген бала бақшаны да көрдік! Ендігі ең басты мәселе, Астанадағы қайсы мектепке баламызды оқытамыз және қай тілде оқымыз деп басымыз қатты! Сіздердің балаларыңыз қайсы мектепке бармақ? Қайсы мектепте жақсы ұстаздар бар? Сіздер қандай кеңес берер едіңіздер? Тәжірібелеріңізбен бөлісе отырсаңыздар! Бүгін бала бақшада 70ж ретро стильде киініп өнер көрсетті»,-деп жазған еді опера әншісі Майра Мұхамедқызы.  width= Әншінің жағдайына түсіністікпен қарағандар саны да аз емес. Майра ханымға білгендерінше кеңес бергендер арасында "Осындай талантты, Қазақстанның атын әлемге танытып жатқан Майрадай қыздың ұрпағы қандай тілде сөйлесе де патриот  болатынына 100 пайыз сенемін" деген мағынада пікір қалдырғандар да көп болды.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар