Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті айқасына дайындық кезінде аяғынан жарақат алып қалды
Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Бұл туралы боксшы ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында мәлім етті. «АҚШ-ғы оқу-жаттығу жиындары кезінде аяғымнан жарақат алып қалдым. Негізі, кезекті кездесуім 23 маусым күні өтуі тиіс еді. Қарсыласым да белгілі болған.
Өкінішке қарай бұл жекпе-жекті жанкүйерлерім көре алмайтын болды. Енді, толық жарақатымнан айығып алғаннан кейін рингке қайта ораламын. Бұйырса, екі ай көлемінде сауығып кетермін. Жанашыр жанкүйерлерім менің жекпе-жегімді асыға күтіп жүргенін жақсы білемін», - деді Қанат Ислам.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусым күні Қанат Ислам 27 жастағы мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 КО) шаршы алаңға шығуы тиіс болатын. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді және ол он раундқа созылады деп жоспарланған.
Енді Қанат Исламның жарақат алуына байланысты бұл жекпе-жек өтпейтін болды.
Келесі мақала