Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жағдайы ауыр: Шымкентте 40 жастағы әйел 5-ші қабаттан секіріп, суицид жасамақшы болды

Жағдайы ауыр: Шымкентте 40 жастағы әйел 5-ші қабаттан секіріп, суицид жасамақшы болды
ашық дереккөз
Шымкенттік азаматша 5-ші қабаттан секіріп кетті. Өмір мен өлім арасында жатқан әйелге дәрігерлер күрделі ота жасамақ

Сұмдық жағдай 27 тамыз күні сағат 12-лер шамасында болған екен.

Куәгерлердің айтуынша, әйел бесінші қабаттан секіріп кеткен. Суицид жасамақшы болған азаматшаны жедел жәрдем қызметі бірден ауруханаға жеткізген.

Дәрігерлердің сөзінше, қазірде бесінші қабаттан секіріп кеткен азаматшаның жағдайы ауыр. Ауруханада өлім мен өмір арасында жатқан әйелге күрделі ота жасалмақ.

"Жағдайы өте ауыр. Бас ми жарақатын алған. Миына қан құйылған. Қазір жасанды аппараттың көмегімен дем алуда. Ес-түссіз жатыр. Қазір науқасты отаға дайындап жатырмыз", - дейді Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының қабылдау бөлімінің меңгерушісі Сәбит Байбосынов.

Бұл суицид жағдайы бойынша Шымкент қалалық Әл-Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде. Азаматшаның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз. Оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар