Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

АҚШ-та сотталған қазақстандық студент түрмеден босап шықты

АҚШ-та сотталған қазақстандық студент түрмеден босап шықты
ашық дереккөз
АҚШ-та ағайынды Царнаевтар ісі бойынша сотталған Диас Қадырбаев түрмеден босатылды.
Қазақстандық азаматтар Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов  2015 жылдың маусым айында сотталып, 3,5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Қос бірдей отандасымыз Бостондағы теракті ісін тергеуге кедергі келтіргені үшін түрмеге жабылды. АҚШ-тың кеден және көші-қон қызметінің өкілі 24 жастағы Қадырбаевтың түрмеден шығарылып, ведомство қарауына жіберілгенін растады. Қазіргі таңда Диасты Қазақстанға қайтару ісі қаралуда. Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде халықаралық марафон кезінде Бостонда екі жарылыс болды. 3 адам қаза болып, 200-ге жуығы жараланды. Терактіні ұйымдастырды деген күдікпен Тамерлан және Джохар Царнаевтардың үстінен іс қозғалды. Джохар 20 сәуір күні қолға түсті, ал Тамерлан 19 сәуір күні полициямен болған атыс кезінде көз жұмды. 2015 жылы Бостон соты Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды. Тамыз айында адвокаттар апелляциялық шағым түсірді. Бүгінгі таңда Царнаев Колорадо штатында, қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеп жатыр. АҚШ билігінің мәліметіне сүйенсек, Тажаяқов пен Қадырбаев Джохар Царнаевпен таныс болған. Олар атыстан кейін үш күн өткен соң, пиротехника мен ноутбук салынған сөмкенің көзін жойған. Бұл терактіні тергеу ісінде үлкен қиындық туғызған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар