Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Павлодарда хиджаб киген бойжеткеннің орамалын жұлып, тепкіге алған әйел көптің ашуын туғызды (видео)

Павлодарда хиджаб киген бойжеткеннің орамалын жұлып, тепкіге алған әйел көптің ашуын туғызды (видео)
ашық дереккөз
Павлодарлық 48 жастағы тұрғын себепсізден - себепсіз хиджаб киген әйелге шабуыл жасады. Ол елдің көзінше ауылдасының орамалын жұлып алып, оны теуіп, балағат сөздерін жаудырған
Оқиға 25 тамыз күні орын алған екен. Ішімдікке сылқия тойып алған Раушан Төлеубаева есімді әйел көшеде кетіп бара жатқан мұсылман әйелге тап берген. Ол: “Орамал таққандар елден кетсін. Назарбаевтың өзі тыйым салған”, – деп айқай салған. “Ертіс ауданы тұрғынының үстінен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Медициналық сараптамаға сәйкес, әйел орташа деңгейде мас болған. Іс материалдары Ертіс аудандық сотына қарауға жіберілді”, – делінген ІІД хабарламасында. Алайда қорлық көрген әйел бар болғаны “ұзақ бұзақылық” бабы бойынша хаттама толтырылғанына наразы болып отыр. https://www.instagram.com/p/BnBXUqnnyre/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар