Басты жаңалықтар
Әріптесі Нартай Аралбайұлының екінші әйелін халыққа таныстырды (фото)
- автор kyn.kz
- 10 маусым, 2018
- 1.7k
Журналистің өзі жақында ғана үйленіп, той жасағанын көпшіліктен әлі жасырып жүр
Танымал тележүргізуші Нартай Аралбайұлы жақында ғана үйленген болатын. Бірақ журналист үйленгенін көпшіліктен жасырып жүргені көрініп-ақ тұр. Себебі, тойға барғандардың ешқайсысы желіге сурет салып, бүгінде жұлдызға айналған журналистке елдіңкөзінше тілек жазған емес,-деп жазды KYN.KZ. Қазақстан ұлттық арнасының тележүргізушісі Мейіржан Әлібекұлы жеке парақшасына досының отбасымен қыдырған суретті жүктеп, "Оралдың келіндерімен суретке түстік. 10.06.2018 ж" деп жазды. Көпшілік екі тележүргізушіге келіншектерінің әдемі екенін айтып, оларға бақыт тілеп жатты.
Нартай Аралбайұлы бірнеше жыл бұрын алғаш рет үйленіп, дүркіретіп той берген еді. Ол туралы өзінің парақшасына суреттер салып, ұлы мен келіншегі жайлы жиі айтатын. Қазір журналист ол суреттердің барлығын өшіріп, жаңа өмірін бастаған сыңайлы.