Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов жеңімпаз болудың құпиясын ашты

Танымал кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов жеңімпаз болудың құпиясын ашты
ашық дереккөз
Бүгінде саясаткер атанған Қайрат Құдайбергенов көпшіліктің баю жолында жіберетін негізгі қателігін атады.
Кәсіпкердің сөзінше адам көзсіз еңбектене берместен, тоқтап демалатын уақытты да білуі керек. «Жазғы Алматының кешінде серуендеп қайттық, мен көптеген дүниені қолдан жоғалтып отырғанымызды түсіндім. Біз үнемі өмір сүру үшін асығамыз. Материалдық байлықты еселеу үшін асығамыз, қымбат көлік, зәулім үй, бағалы киім алу үшін басымызды қатырып, белгісіз бағытқа қарай асығамыз. Ұшақтың VIP орындығына отырып, қымбат  қонақүйге барып демалуға асығамыз. Бірақ ол қонақүйдің не себепті қымбат екенін түсінуге тырыспаймыз.  Отбасымызбен қайықта жүзе отырып балықты ұстауға емес, дайын балықты жеуге асығамыз. Біз жиналысқа асығамыз, автобусқа асығамыз, үнемі бір жаққа қарай асығып жүреміз. Кейде тез жүру үшін тоқтап, демалып  алуды білу керек. Бір секундқа тынышталып құстың сайраған үнін, қоңыздың пырылдап ұшқан дауысын, көктемгі гүлдің иісін, таудағы тыныштықты тыңдай білген де жөн. Бұл ақшадан да қымбат дүние. Дүниенің түбіне ешкім жеткен емес. Ең біріншілердің қатарынан табылу үшін, тоқтап демалып алуды да біле жүріңіз.»,-дейді кәсіпкер Қайрат Құдайбергенов.  
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар