Басты жаңалықтар
Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен мүгедек 2 аптадан соң табылды
- автор kyn.kz
- 10 маусым, 2018
- 288
Алматы облысында хабар-ошарсыз кеткен мүмкіндігі шектеулі жан табылды.
«Хабар-ошарсыз кеткен ер адамның белгілері өңірдің барлық полиция бөлімшелеріне жіберіліп, әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарына таратылды.
Соңғы онкүндікте оның туыстарымен бірге тынымсыз іздедік. Осы шаралардың нәтижесінде оны Алматы қаласындағы «Көк базар» маңынан табудың сәті түсті. Оған ешқандай залал келмеген», - деп мәлімдеді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі.
Бұрын полиция Талғар ауданының Тұздыбастау кентінде тұратын 48 жастағы Қанат Майкөтовті іздеп жатқаны туралы хабар тараған болатын. Ол екінші топ мүгедегі, үнемі туыстарының қарауында жүреді.
Оның із-түзсіз кеткені туралы туыстары Талғар ауданының полицейлеріне 30 мамыр күні хабарлаған. Туыстарының айтуынша, ол 26 мамыр күні түнде үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ведомстводағылардың хабарына қарағанда, өңір полициясы биылдың өзінде хабар-ошарсыз кеткен 120 адамды тапқан.