Басты жаңалықтар
Қайрат Нұртас өзін келемеждегендерге: Мені мазақтаса рахаттанамын
- автор kyn.kz
- 10 маусым, 2018
- 360
Қайрат інісімен бірге ағылшынша ән салып, елдің күлкісіне қалды.
Жақында ғана туған інісі Заңғар мен бірге ағылшын тілінде ән салып, артынша бейнебаян түсіріп үлгерген Қайрат Нұртастың жаңа туындысын көрермендері мазақ етті. Жұрт әншінің ағылшыншасын әзіл әңгімеге де айналтырып үлгерген.
Кейбірі тіпті, "әннің сөзін МС Сайлаубек жазғанба?" деп те мысқылдап, аяусыз ұрсып тастады. Бірақ сыни пікірлерге әбден еті үйреніп кеткен отандық әншінің де өз жауабы бар.
Шоу бизнес жұлдызы мұндай жағымсыз пікірлер мен ,ел арасында талқыға түсу оған мүлдем әсер етпейтінін ,керісінше тиімді екенін жеткізді.
« Әңгіме болып жатырма бүкіл жерде? Бола берсін, маған жақсы ғой, айта берсін, айта берсін, айта беріндер. Керісінше, маған жақсы, рахаттанамын.», -деп көпшілікке жауап қайтарды Қайрат Нұртас.