Оңтүстік Африка Республикасында орналасқан қорықта қар жауып, жануарлардың тіршілігіне кері әсерін тигізуде
Желіде ағаштағы қарлардың қасында жүрген пілдер мен жирафтардың суреті тарап кетті.
Синоптиктердің айтуынша, бұл суық ауа-райы Африкаға Еуропадан келген болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, тамыз айының соңында Еуропа елдеріндегі ыстық ауа-райы суық пен қарға ұласып кеткен болатын.
Нақтырақ айтсақ, сол уақытта Австрия, Германия, Швейцария мен Италия елдерінде таудағы қарлар 40-50 сантиметрге дейін барған еді.
Шілдеде қар Оңтүстік Африканың Кейптаун орналасқан оңтүстік-батыс жағалауына жауған еді. 10 сантиметрді құрайтын қар алғашында тұрғындардың таңданысын тудырып, кейіннен қала көшелері лас суға айналып кетті.
Осы жағдайдың салдарынан қалада көлік кептелісі де орын алған.