Басты жаңалықтар
Қостанайда әйелді бес жасар баласымен автобус қағып кетті
- автор kyn.kz
- 12 қыркүйек, 2018
- 207
Қостанайда автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан ана мен 5 жасар баланы қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы дүйсенбі күні теңертең қазақ-түрік лицейіне жақын орналасқан Қобыланды батыр даңғылында болған.
101 маршрутты автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолында кетіп бара жатқан анасы мен бес жасар баланы қағып кеткен.
"Баланың жасы бесте. Ол біздің ауруханаға жан сақтау бөліміне түсті. Екі күннен соң оны травматологиялық бөлімге ауыстырдық. Қазір бүлдіршін анасымен бірге жатыр. Ол ауыр бас-сүйек зақымы мен бас ми жарақатын алған", - деді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Игорь Белобржицкий.
Жол-көлік оқиғасына байланысты "Жол ережесін бұзу" бабы бойынша сот алды тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Келесі мақала