Басты жаңалықтар
Жанар Айжанованың қызы сүйіктісі жайлы ашық айтты
- автор kyn.kz
- 12 қыркүйек, 2018
- 284
Жанар Айжанованың жалғыз қызы Айжұлдыз Адайбекова сүйіктісі туралы айтты
Қазақ эстрадасының жезтаңдай әншісі Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыздың айтуынша, оның сүйген жігіті өнер әлемінен емес. Бірақ ең бастысы мені түсінеді, дейді бойжеткен.
Бір қызығы, болашақ күйеу баласы жайлы Айжанованың өзі де білетін болып шықты. Ол тойдың ауылы алыс емес екенін мойындап, өнердегі құрбысы Айгүл Иманбаеваны той мен құдалықтан қалдырмауға уәде берді.
Ал айдай сұлу Айжұлдыз сүйіктісінің бар екенін ашып айтқанымен, оның есімін жасырып қалды.
“Алға қарай жүгірмей-ақ қояйын, дегенмен әр қыз баланың басынан өтетін дүние деп ойлаймын. Сол себепті Алла бұйыртқан күні болар.
Әрине, анам біледі. Мен мұндай нәрселерді жасыратын адам емеспін, себебі анаммен кез келген тақырыпта құрбыдай сырласамын. Себебі ол – ана. Анасы ешқашан баласына жамандық ойламайды”, – деп ағынан жарылды Айжұлдыз.